Posted in

КҮШАЛА ЖҰТҚАН ИТТЕЙ (КҮШІКТЕЙ)

Өлімші халде болу. ~ «Өстіп сандалтып қойған Алтынтананың көз жасы шығар. Махаббаттың көз жасы жігітті жібермейді деуші еді». «Әуел баста мал докторы болып жүре берсемші». «Күшәла жұтқан иттей қашанғы сүйретілермін?!» Д.Дос. ~ Өлмепті ғой мына Сорокин. Біз де осы Сорокин сияқты біржолата сібірлік болып қалар ма едік… Күшала жұтқан күшіктей бір жерде қылжиып қалмасақ, бір амалы болар еді ғой. Ш.Мұр.