Posted in

КҮШІНЕ (КҮШКЕ) МІНДІ

Қайраттанды, қаһарланды, озбырлық қылды. ~ Шілденің күшіне мінген кезі: күні де, түні де жанып тұр. Т.Ораш. ~ Әй дерге әже, қой дерге қожа жоқ, оңашада әбден еліріп, күшіне мінген үйкүшік көлеңкелер жүрегі дүкілдеп қаға қалған қыздан да ыққан жоқ. М.Қаб. ~ Сол тұңғиықтың сонау шыңырау тереңінен қарашада күшіне мінер қара күз қол бұлғап жатыр ма әлде? М.Қаб. ~ Бірақ Әзберген кезікпеді жолында. Кәпір, қашқан сол болды-ау, Торқаның кәрінен қорқып. Ақсақ кемпір енді күшке мінді… С.Елу.