Posted in

КҮШТІНІҢ АРТЫ (ДҮМІ) ДИІРМЕН АЙНАЛДЫРАДЫ (ТАРТАДЫ)

Заманы дәуірлеп тұрған жан ойына келгенді істейді д.м. ~ … сонда Боранқұлдың боратқан қарғыс-наласы, төккен көз-жасы оларға неге дарымайды? Неге селге кетеді? Күштінің арты диірмен айналды-ратыны осы емес пе?! Ғ.Біл. ~ Аяпберген тағы уайымға түсіп: -Кім біледі, шырақтарым. «Күштінің дүмі диірмен тартады…» Бұл ауылға болыс кешірім қылады, деп ойламаймын. Тек пәлесінен құдайекең өзі сақтасын!-деп бағанадан бері алақанына салып отырған насыбайын енді ғана ерініне салды. І.Жан.