Posted in

ҚАБАҒЫ АШЫҚ (АШЫҢҚЫ)

Көңілді, жүзі жайдары. ~ Бұрынғыдай емес, Ұмсынның көңілі көтеріңкі, қабағы ашық. Қу дүние кімді құбылтпайды: өңінде, көзінде өткен жолғыдай сенімсіздік, күдік жоқ, өз бауыры немесе күйеу баласы келгендей жалпаң қағып жүр. Б.Тоғ. ~ Үй іші бай қызының жасауындай саусап жайнайды. Ата-ананың да қабағы ашық. Жастардың күні-түн ауыл, ел аралап, сауық-сайран жасауына тарлык жасамайды. С.Ел. ~ Әрқашан да бір тоға, салмақты, деймін-ау, мүмкін жуас, өлез шығар, көкемнің де бүгін еңсесі биік, қабағы ашық. М.Қаб. ~ Сол жатқаннан түсте бірақ ояндым. Әйелім кешегідей емес қабағы ашыңқы. «Тез жуынып кел, шай ішкелі жатырмыз», деді. Анар да жайдары. Қ.Тілеу.

  1. Бұлтсыз, ашық ауа райы туралы. ~ Қыстың қабағы ашық күндерінің шатырдағы қарды жылыта еріткен кезінде тамшыдан
    түзіліп, салбырай қататын сүңгі тәрізді сұп-суық қалпымда қатып тұр едім. С.Сағ. ~ Бірақ сүйікті адамымыздың тілін қайтара
    алмадық та, далаға шықтық. Ол түні аспан қабағы ашық болатын. Ә.Сәр. ~ Төңірек тым-тырыс. Бұйығы тыныштыққа
    бөгіп, күзем шағырмағына масайраған тау қабағы ашыңқы. Ө.Кәр.