Жүзінде реніш пайда болды, көңілі ортайды; ұнжырғасы түсті. * Содан біраз күн Эльвираның қабағы кірбің тартып жүрді. Жігітім деп дәс¬тердей ғып үйіне ертіп келгенде жерге қаратса, ренжімей қайтсін. Т.Сәук. * Сол алты жылдың бойында
келін ренжіп қалмасын, келін кенделік көріп жүрмесін, қабағы кірбің тартпасын, көңіліне кірбең ілінбесін деп кемпір-шал екеуі бірдей қоғадай жапырылып, құрақ ұшты. Ғ.Біл. * Бірақ ешкімді күндегім жоқ. — Сәл күрсінді. Күрсінгенде қабағы кірбің тартты. С.См. * Е, сұраңыз, сұраңыз,-деп жадырап сала берді Ерасыл “бұйымтайым жоқ” дегенде қабағы кірбің тартқан Қонаев. С.Дос. * I- i… Дегенмен, адам бәрiбiр өмiрге қызық көру, жақсылық пен қуаныштың дәмiн тату үшiн келедi, — деп ол анары дiрiлдей жеңiл күрсiнiп, қабағы лезде кiрбiң тартқан. Ж.Шағ. ~ Ол кісі жол бойы әр малдың қас-қабағына қарап, артық қамшы салдырмайды. … Шиқаны сыздап отырған жан секілді қабағы кірбің тартты. К.Қаз. ~ Ескілікті ырымда «қабақтың тартуы» қуанышқа жатады. Қабағы тартқан адам қуанамын деп ырымдайды. Кей жағдайда «қабақтың тартуы» ренішке ұрындыруы кәдік. Ө.Кәр.
