Posted in

ҚАБАҒЫ ҚАЛЫҢ

Жүзі салқын, бет-әлпетінде реніш, ашу, паңдық ізі бар. ~ Қабағы қалың қара бұлт, Бестауды жауып бүтіндей Келеді түсі қабарып, Будақтап ұшқан түтіндей. С.Мәу. ~ Бүгін қасында отыратын қабағы қалың депутаттың жүзі салқын‚ онсыз да зіл тартып жүрер қалың қабағы таңертең қатулы келді. Қ.Түм. ~ Әжесі қабағы қалың, көзі өткір, сұсты кісі болатын.
Жайшылықта өте мейірімді болғанымен, ашуы келсе, барлығы қаймығатын. Соны ойлап Нұрай тіпті де жайсыздана түсті. М.Баз. ~ Үнемі суықсып, паңсынып жүретін, өзін өзгелерден жоғары ұстайтындарды «қабағы қалың» деп таңбалайды. Ө.Кәр.