Тұнжырады, ашу шақырды. ~ Артына жалт бұрылғанда көздері шатынап, қабағы қалыңдап түйіліп кеткен еді. С.См. ~ Оның есесіне қабағы қалыңдап, өз ойына өзі шомып, малтыға малтып, алайда еркін жүзе алмай, қайта керісінше, шым- шым батып бара жатады. З.Қаб. ~ Қияндағы қыстаудан осында кеп орнағалы Бекболдың қабағы қалыңдап барады. Ө.Кәр.
