Жүзінен реніш байқалды, бойын ашу-ыза кернеді. * Ән айналадағы қауымды түгел қоздырды. Жұдырықтар тас түйіліп, қабақтар қарс жабылды. С.Смат. * Қандарын іштеріне тартып, сұр жыландай түстері қашты. Жақ сүйектері құрысып, кіжіне тістеністі. Қабақтары қарс жабылған. Қ.Тол. * Әзберген де біразға шейін қасақана үндемеді. Қабағы қарс жабылып, түн өлкесіне бұ да қарады. С.Елу. ~ Үсті- басы малмандай су. Қабағы қарс жабылып, еңсесі түсіп кеткен екен. М.Сүн.
