Көңілі түсті, жабықты, тұнжырай қалды. ~ Сыдықтың өзі де Мәлік кеңсеге кірген сайын сұрланып кетеді. Қабағы салбырап, үндемей ұзақ отырады. Бұл жолы Нәшекең де кеңседе екен. Төрт жұқа хатты алдарына лақтырып тастай берді. К.Қаз. ~ Көптілеу ләм деген жоқ. Қабағы салбырап, ұзын сақалын әлсін әлсін тарамдап қойып, құрсаулы кесеге шөлдеген
үлекше бас қойды да отырды. Н.Сер. ~ Қоян жылы жаумады көктен жаңбыр, Қабағы шаруалардың болды салбыр. Қысты күні болғанда қар тынбады, Айуанға өлім жетті аштан әр бір. Майлықожа. ~ Оның күмбірлей аққан ағысы аязды күні тіпті ұзаққа естіледі. Сылқ-сылқ күліп, сыбырлай сөйлеп әзілдегендей. Ештемені елемей ұйқыға батқан ауыл үсті, салқын тартқан қабағы салбырай түсіп сұлап жатыр. С.Ғаб.
