Көңілі пәс болды, ұнжырғасы түсті. ~ Кешкі шайды қос басында отырғандай әркім әр жаққа қарап, томсырайып отырып іштік. Әлиман жегемнің қабағы түсіп кеткен. Б.Соқ. ~ Жуанқұлдар табанда түрмеге апарып тықпай ма? Мына Батыр соны да
білмей ме? Қайыс тондылардың қабағы түсіп кетті. Бірақ Батырға үндей алмайды. Ш.Мұр. ~ Нағымет өліктен өзіне ештеңе тимейтін сыңайын байқаған соң қабағы түсіп кетті. Ә.Нұрп. ~ Жауынды елемей келгенімізге қуанып, жақсы қарсы алғандай еді, сомпиып екеуден-екеу барғанымызды көргеннен кейін қабағы түсіп кетті. Ә.Әб.~ Үй несі әйел барынша әзірленіп, бізді асыға күтіп отыр екен. Жауынды елемей келгенімізге қуанып, жақсы қарсы алғандай еді, сомпиып екеуден-екеу барғанымызды көргеннен кейін қабағы түсіп кетті. Ә.Әб. ~ Жолаушы бейнет көргенде, түн қатып, түсі қашады. Түсі қашқаны – жүдеп-жадағаны. Қабағы түсіп уайымға батқаны. Ө.Кәр. ~ Қызметтен бос күндері келіп амандасып қайтатын әдетіммен Нұрекең үйіне келдім. Есік ашқан Назекеннің шешесі қабағы түскен салқын үнмен тіл қатты. С.Бег.
