Ұғыну, байлам жасау туралы. * Шал Антон бишік бұлғап, божы қақты Cap желді күрмедегі ат, шеткі ат шапты. Өткенін қанша уақыт пайым етпей, Владимир тым терең ой ойлапты. Шәк. ~ Арсыздың естіп жайын, Ақылмен еттік пайым. Өз әлін білмегендер Өкінер өстіп дәйім. Ә.Таб.
ПАЙЫМ ЖАСАДЫ
Байлам жасады, ойын тұжырымдады. * … жүрегі бұрынғыдай болар- болмасқа алқына соқпайды, өз- өзінен елірмейді, неге болсын салмақты, ақылмен пайым жасайды. О.Бөк.
ПАЙЫМ ҚЫЛДЫ
Ой түйді, зерделеді, қорытынды жасады. * Әркімнің, өзі іздеген нәрсесі бар, Сомалап ақшасына сонан алар. Біреу ұқпас бұлсөзді, біреу ұғар, Бағасын пайым қылмай аң-таң қалар. Абай. ~ Емінер, “әй” дегізер, дайын қылар, Жүрегің қалай соқса, пайым қылар. Жылы ізін суытпас, дамыл көрмес, Бір оңаша жолығар жер айтқызар. Абай. ~ Болғанмен сыртым қораш, ішім сұлу, Сол ғана тұла бойға берген жылу. Ажары бет пен іштің бірдей емес, Керек-ау, Кәмшат, соны пайым қылу! Ж.Жаб.
