Ашу танытты, ұнатпай қарады. ~ Терең асуда келе жатқан көшке екі жақтағы қабағын түйген қара жартасың «бәлем, үстіңе құлап, талқаныңды шығарайын ба?» деп тұрғандай болды- ау!.. Шәк. ~ Қожабергеннің қабағын түйіп, қатулана сөйлегені
алдында отырған екі жалшысының үрейін ұшырғандай. О.Көб.
ҚАБАҚ ТҮЙДІ
Ашуын байқатты. ~ Күн райы бүгін бұзылыңқы. Күз болғанын білдіргісі келгендей желдетіп, қабақ түйіп тұр. Б.Соқ. ~ Мына Семейден келген оқыған сый азаматтан ұят болмасын , — деп Мұқаметқали қасындағы тентек достарға қабақ түйе ажар көрсетті. С.Бег.
