Posted in

ҚАБАҒЫНА ҚАРАДЫ

Көңілін аңдады, ренжітпеуге тырысты. ~ Бір күні Жандосқа аса қатты ренжудің реті келіп қалды, — жылқы күзетінен қайтқан
әкесінің қабағына қараса, қар жауатын бұлттай түнере қапты. С.Мұқ. ~ Бүйткен тірлігі құрысын. Кеше ұрсысқан әйеліңе
бүгін барып жалынсаң, не қадірің қалмақ, қорлық қой. – Отағасы, осылай болды. Қабағына қараймын деп бүлдірдім. Д.Дос.
~ Бекер обалдары қане, үлкен жеңгелері осы босағаны аттағаннан жалғыз қайынсіңлілерін үкілеп ұстап, қабағына қарап
келеді. С.Досж. ~ Онда Алпамыс айтты: «Жұртым, жалғыздың жары бір Құдай болсын, сіздер маған жандарың ашыса,
көрсеткен көмектерің болсын, атам мен анамның қабағына қараңыздар,- деді. “Алпамыс б.” ~ Қайғыменен қапаланып
қатты өзгеріп кет кен Абдолланы да жаны қалмай күтіп, қабағына қарап көңілін аулайды. С.Ғаб.