Ашу шақырды; түнере қалды, сұстанды. ~ Қабағынан қар жауған Қараңғы бұлт жоғалды. Қас қараймай беті ауған, Қаһарлы жел де оңалды. Көшейін деп қыбырлап, Ел қыстаудан қозғалды. Жаралы жүрек жыбырлап, Жазылмай жалғыз сол қалды. Шәк. ~ Жұрттың қабағынан қан жауып, нөсер алдындағы күндей ішін тартып, булығып тұрған мәнісі осы еді. Ж.Айм. ~ … жүрегін мүжіген зіл батпан қасіретті сездіргісі келмей, қабағынан қан жауып, қарайған халықты қаңтарып отырған қаһарлы шал тұтқынды көзімен атып жеп барады. Ә.Кек. ~ Жаңабайдың қабағынан қар жауғандай түюлі, шырағдандай жылтыраған алмас көзі жылтыраған шырағдан отына қадалып, ойланып жатыр. Ж.Айм. ~ Мектепте ылғи қабағынан қар жауып түксиіп жүретін қалқан құлақ қара бала аузын аша түседі. К.Қаз. ~ Қалай үндесін, бағанағы ауылдағы көрген көріністері екі иіндерінен сегіз батпан ауыр жүктей жерге жанши түсіп, бастарын көтертер емес. Әсіресе Есіркегеннің қабағынан қан жауған. І.Ес.
