Posted in

ҚАБАҚТАРЫ (ҚАБАҒЫ) ТҮЗУ

Тату-тәтті, пейілі оң д.м. * Қазір директор екеуінің қабақтары түзу. О.Сәрс. ~ 200,8 мың гектар егістікке дер кезінде сіңірілген дәннің өну барысы сәтін салса, талай рет көл-көсір астығымен атақ-даңқы жер жарған Нұрамыздың мерейін тағы бір асқақтатары анық. Әрине, табиғат қабағы үнемі түзу бола бермейді. ЕҚ.