Posted in

ҚАБЫЛ БОЛДЫ

Тілегі орындалды. ~ Жауапкер жағы: -- Бұл некелі қатын дегеніңіз қалай? – деп сұрасып еді, билер «Шариғат бойынша ижаб қабыл болған соң, бәрібір неке емес пе?» – деген болды. М.Дул. ~ Сенің әкең де сөйдейтін шығар? Оның да тілегі қабыл болар, асықпа. Бірақ әкең әлі тың көрінеді. Бүгін-ертең кете қояды деймісің. Ғ.Қаб. ~ Оны қазақтар «қадір түні” дейді. Ислам дінінің түсіндіруінше, сондай түнде жұмақтың есігі ашылады да, адам не тілесе сонысы қабыл болады. С.Мұқ. ~ Үрімді үрлеп, Қырымды жайлап, «Азаулының Стамбулдан несі кем, Алаштың Мағауиясының Мұхтарының, хан ұлында несі жоқ, би ұлынан несі кем! » – деп тұрған дер шағы. Ұзағынан сүйіндірсін», – деген тілегіміз қабыл болды. Т.Жұр.