Ойранын шығарды, тас-талқан қылды. ~ Кім – еліне, жеріне, діліне, дініне, тіліне тиіссе сонымен күресті. Жәй ғана күресіп қойған жоқ ақыл мен қайратты серік етіп, қарсыласының қабырғасын қақыратып отырды. Ж.Шәк. ~ «Бес» алса, қабірі кеңіп, нұрға толып, Рахат тіршілікте жырғайды адам. «Екі» алса, қабырғасын қақыратып Қара жер қысқан кезде тұрмай қалар… С.Қали. ~ Басқаша жағдайда өзге талғамның өндiрiне жабысуы мүмкiн-дi. Қаталдықтың қабырғасын қақыратып, қаралықтың қайысын шандуға шақ қалған. Т.Әлж.
ҚАБЫРҒАСЫН ҚАҚЫРАТЫП, ОМЫРТҚАСЫН ОПЫРДЫ
Күл-паршасын шығарды. ~ Орта мектептің «қабырғасын қақыратып, омыртқасын опырып», Алматыға аттандым. Оны да «алыпұрмақпын»! Ғ.Қаб.
