Қатты қинады, жанын жаралады, көңіліне қаяу түсірді. ~ Мына хабар Әбілқайырдың қабырғасына қатты батты. Ә.Кек. ~
1953 жылы орталық газеттің бірінде, қазақтың зиялы қауымының қабырғасына батқан ауыр да, зілді мақала жарық көрді.
Ш.Сари. ~ Үйленбесе – үйленер! Айбаржанның басы бос жүргені жұрттың қабырғасына батып болды әбден. Д.Досж. ~
Қартайып, шау тарта бастамаса, қимасынан айырлып, қайғысы қабырғасына батпаса, сағыныш дегеннен бүгінгі пендеңіз,
жас-жасамыс мақұрым ба деп қалдым. Ж.Аязб. ~ Әсіресе түндік басы төленетін «қан бажы» мен «қара шығын»
жұртшылықтың қабырғасына қатты батқаны рас, — дей келіп көңілінде жүрген ойларын бүкпей түп- түгел баяндап шықты.
Қ.Жұм.
