Posted in

ҚАҒА БЕРІС

Қиястау, елеусіз тұс. ~ Жалпақ халықтың ақтарға тілектес емес, қызылдарға тілектес екенін айқын көрген сон актардың кейбір қосыны өздерінше әр түрлі тәсіл, әр түрлі қулық істейтін болды. Және кейбір қосындары әуелгі жөнінен сәл бұрылып, қаға беріс елдің ішіне қарай жөнін өзгерте қашатын да болды. С.Сей. ~ Белсенділерден ығыр болған ба, кім білсін, мені көріп қаға беріске қарай айнала береді. Жауырда менің не шаруам бар. Өз әлегім өзімде. Кітабымды арқалап, мектептен келемін. С.Шай. ~ Осындай оймен ақ шитіні өзінің кеңсесіндегі бір қаға беріс бұрышқа тасалап қойды да, қызметіне кірісіп кетті. С.Бег.