Көңіл аударылмады, еленбеді. ~ Қазіргі қазақ тіл білімінде этимология саласы зерттеушілердің назарынан қағаберіс қала бастағандай. Бірен-саран жекелеген еңбектерді атамағанда, іргелі зерттеулер жоқтың қасы. БАҚ. ~ Мұндай-да текстің тек теңеу, бейнелеу, əсірелеу, мағына құбылту тəрізді жерлері «шұрайлы» көрініп, қалған тұстары назардан қағаберіс қала береді. БАҚ. ~ «Дегенмен, осы құрылысқа қарсы болып жүргендерді де қаға беріс қалдырмаған жөн. Аттарын атамасаң да бірер сөзбен түйреп өткенің дұрыс» – деді сөзінің аяғында. Б.Тоғ. ~ Сенің қырандай қырағы көзіңнен құтты мекеннің әр төбесі, шоғыр-шоғыр шілігі, жүгірген аң, ұшқан құсына дейін қаға беріс қалмауы керек. Ө.Кәр.
