Posted in

ҚАҒЫНДЫ АЛДЫ

Шалықпаға ұрынды, есінен адасты. ~ Сені жын қуды ма, тоқта, – деді шал. – Әнебір серкеден де көз жазып қалмасын. Байлай салса да қағынды алмайды оны. Қ.Най. ~ Үйіне барса, жаз ортасында қағынды алып бара жатқандай тарс бүркеніп, әйелі теріс қарайды. Бөкенбай бүгінде үйі екеш үйіне де сазарып кіріп, сазарып шығады. Ешкімге қабағын ашпайды. Ә.Кек. ~ – Ертең ертелеп көліктеріңмен келіңдер. Суға басыруды бастайын деп отыр едім, бір күнге қағынды алмас. Қ.Түм.