Істеген ісінің бәрі жұрттың көз алдында, біреудің бақылауында. ~ Он сегіз жасар жас қызды салған беттен басқа мінез, жүріс-тұрысқа салмақ болды, сарт та сүрт, әр қадамы санаулы, сөзі қаттаулы Қарашаш Сүлеевнаға айналдыруға тырысты. М.Қаб. ~ Әжемнің айтуынша, Серкебай көкемді матап ұстайтын көрінеді. Әр қадамы санаулы екен. Содан бір елі ауытқуға көкемнің еркі де жоқ, шамасы да жоқ болса керек. Б.Мом. ~ Дос болмақ түгіл, сабырлы, салқын қанды, әр қадамы санаулы Иса мен бірде от, бірде су, кейде қыршаңқы, кейде ақ көңіл Әшір екеуі бір-бірін іштей жақтырмайды. М.Қаб.
