Posted in

ҚАДАМЫҢА (ЖОЛЫҢА) ГҮЛ БІТСІН!

Бастаған ісің сәтті болсын, талабыңа нұр жаусын. ~ Алдымен оларға иіліп тұрып сәлемдесті. Сонан соң «қош келдіңіздер, келген қадамдарыңызға гүл бітсін», деген сияқты әдемі сөзді төгіп жатыр. Б.Қыд. ~ Сонда да бойын берік ұстап: “Қадамыңа гүл бітсін, қарашығым, тең құрбыңнан қалмай, біліміңді ал. Менің өз қазаным өз бауырымда ғой, бір күнімді көрермін. Тәңір бетіңнен жарылқасын”, ― деп ақ тілеумен аттандырып еді. Қ.Қаз.~ Сіз келді деген соң тайлы-таяғымен түгел жиналады. Ал енді туған жердің топырағын басып тұрсыз, қадамыңызға гүл біту үшін алып қоялық! Б.Тоғ. ~ О не дегенің, мырза. Бұнсыз да жолыңызға гүл бітсін деп тілейтіннің бірі менмін. Әбілқайыржан екеуіңіздің бұл шаруаларың ақыр түбі қайырлы боп шығып жатса, маған жаман бола ма? Ә.Кек.