Posted in

ҚАДЫМ ЗАМАН

Көне дәуір, баяғы заман.~ Сабырлы, есті сарын. Жемнің жазғы жылым ағысындай баяу шымырлап, ұзаққа сілтер ыңғай танытады. Қадым заманнан, түу тарих қойнауынан жеткен бағзы ата-бабалар әуезіңдей. Күңіренген абыз әуен. Жұрт сілтідей тынды. С.Елу. ~ Аяусыздығы, еш шарасыздығымен кiсiнi сормаңдай күйге бөлеп, кергiге салғандай тыпыр еткiзбейтiн тосын бұл жаңалықты ең әуелi кiм ашқанын қайдам, тiптен он сегiз мың ғалам — кең дүние алғаш жаралған қадым замандардан бұлжымай қалған шығар– ау. Ж.Шағ. ~ Көне, қадым заманы ақындарының кейбір шығармаларын оқып отырғанда, ол шығармалардың инсайт кезінде туғанын шамалау қиын емес. Т.Әс.