Пайдалана білді; кәдеге жаратты, өз мақсатына қолданды. ~ Бұрынғы заманның мал баққан шаруа қазағы құмның осы құбылма табиғатын қажетіне мықтап асырыпты. О.Сәрс. ~ Ал тарихта өткен талай-талай құсбегілер мұның бәрін тәжірибеден өткізіп, өзінің шеберлігін шыңдап, қажетіне жарата білген. Қ.Бег. ~ Алайда, Голощекин кітаптағы кейбір фактілерді өз қажетіне жаратқан секілді. Қ.Жұм. ~ …осынау даланың бетіндегі жусаны мен астындағы асылдары бірдей соғыс қажетіне жұмсалуға тиісті екенін байыбына келтіре, толғана тұрып, құлаққа құйды. Ғ.Слан.
