Posted in

ҚАЗ КЕУДЕ

Омырауы шығыңқы; аршын төсті, қос алмасы тырсиған. ~ Үстіне киген ак кофтасы ақ мамықтай үлпілдеген, қаз кеуде, қызыл ерін, аққұба қыз жымиғаны жанынды майдай ерітіп, иіліп келіп, ол қолын берді. Ә.Нұрш. ~ Тана көзі жалт-жұлт етіп, электр жарығымен шарпысады, алыс жерден жүгіріп келгендей, қаз кеудесі бір көтеріліп, бір басылады. М.Қаб.~ Сол баяғы құмай көз, құба жүз…. Қаз кеудесі сәл қимылдаса, дір-дір етеді. Қиылған белдің ар жағында қолың тисе, ұлпадай әсер ететін томпақ, тоқ бөксе… Н.Дәу.