Со күйінде, еш өзгермеген, дәл сол күйінде; шынайы кейпінде. * Аягөз жағасында болған бар әңгімені қаз қалпында айтып естірткенде сұңғыла бидің аһ ұруы, «қайран елім, қазағым, ертеңгі күйің, күнің не болар екен, ерте туып, кеш қалғаным-ай» деп, көкірегі қарс айрыла күрсініп, көзжасымен жалпақ сақалын жуып, талықсып кетуі тегін емес шығар?! Ғ.Біл. * Жаңағының бәрін Елтай жібін тарқата жайлап, қаз қалпында айтып берді. Ашуланған жоқ. М.Қаб. ~ Біз елге келдік. Патша орнынан түскенімен байлар қаз қалпында. Хұррият деген даңғаза шабуыл. Ал, байлар, саудегерлер сауданы бұрынғыдан да дүрілдете түсіпті. С.Бег. ~ Ойнақтаған қаракөк ат астында, Қызыл жұлдыз шошаймасы басында. Қаз қалпында қаршығадай денесі, Ақ тал енген қою қара шашына. Ғ.Қай.
