Үй шаруасына көмектесті, қабаттасты. ~ Қызының сырына жетік Жұпар бұлардың түтіні түзу шығуы үшін жанын салып, бар күшін жас отаудың отының басын бүтіндеуге жұмсады. Қазан- аяғына дейін араласып, ас- суын пісірісіп, басы- қасында өзі жүретін. Ү.Жәл. ~ Басқа тартса аяққа жетпейтін тапшы дүниесі құрғырдың тарлығын көп көргесін бе, былайғы уақытта үй ішінің қазан-аяғына, ішкен-жегеніне араласып, әрі-берідесін келіндерінің қазан-аяқ ұстағанына ырза болмай, зәрін төгіп отыратын тарқол, қытымыр ананың кейде тап осындай кісінің кісілігі сыналатын жерде қолы ашылып кететіні бар. Ә.Нұрп.
