Тамаққа, асқа қонақ қылып арнайы шақырмаса да, реті келгесін сыйлап жіберу туралы. ~ Қатындар мұны көрсе, қазан үстінен тамаққа шақырып: — Кел, кел, Жаңыл. Ауыз ти. Құдай оңғарса, сенің үйіңе де тойға барармыз, – деп қам көңілін жұбатады. Т.Айб. ~ Тәйт! Килікпей былай тұр! Қазан үстінен асқа шақыратындай Мақан… Мәкең сенің шаңырақ түйеңе мініп келген құлың ба еді? С.См.
