Posted in

ҚАЗЫҒЫНА АЙНАЛДЫ

Әлдебір істің, құбылыстың тірегі болды. ~ Күллі төре тұқымы соның төңірегіне жиналып, ол Кеңесары әулетінің алтын қазығына айналды. С.Ақт. ~ Мектеп оқушылары мен жоғары оқу орнының студенттері онлайн оқу жүйесіне көшкен сәттен бастап руханияттың қазығына айналған кітапханаларды цифрландыруға басымдық беріле бастады. БАҚ. ~ Әрине Қалдан-Церен атақты қазақ биін қанша сыйлағанымен, кемеңгерлігіне қаншама бас игенімен, қазақ даласының тұтқасы мен қазығына айналып келе жатқан, қазақ мемлекетінің, сұлтан атауы қалмаса да, болашақ ұлы ханы болар Абылайды оп-оңай өңгертіп жібере қоймас та еді. С.См.