Posted in

ҚАЙ ҚҰДАЙ АЙДАП ӘКЕЛДІ

Біреудің келгенін ұнатпағанда не өзінің бір жерге барғанына өкінгенде айтылады. ~ Аналарға қарашы,- деді енді
сырқат,- Міне қызық, бұларды қай Құдай айдап әкелді? Құр тамашалау үшін қалықтап жүр ме екен, әлде
иісті сезді ме екен бұл жыртқыштар. Э.Хэм. ~ Бірақ, осы бір ерекше жағдайды естіп білгеннен кейін де Иван
Федорович маған жұмбақ жан боп көріне берген, оны біздің шаһарға қай құдай айдап әкелгенін мен түсіне
алмағам. Ф.Дос. ~ Осы жексұрындармен бірге мені мұнда қай құдай айдап әкелді екен… Ф.Дос. ~ Ау, Дәке,
көптен көрінбей кетіп едің, қай құдай айдап келді сені. Шаруаңды айта отыр деп жік-жапар болып жатыр. АҚ “Үш хикаят”