Біреуге қиянат жасап, қасырет шеккізді. ~ Бір жауыз сөндірмек пе әлде нұрың? Үстіңе кигізбек пе қара құрым? Жоқ әлде қазіргімен жұмысың жоқ, Қайғыға түсіре ме өткен күнің? М.Жұм. ~ Сондай дәмеде жүргенде, Николайды қарсы алар шақта баласының ауырып қалуы, Айғанымды қатты қайғыға түсірді. С.Мұқ. ~ Өзін боқтап ұрып-соққан десятник, подрядчик, инженерлердікі оң болып шығады. Осының барлығы Марданды қатты ойлантып қайғыға түсірді. І.Жанс.
