Қпйғы-мұңын бөлісті, көңіл айтты. * Мағашты қалада бөгемей, Абай тезінен Ақшоқыдағы ауылға қайырды. Ондағы Әбіштің үйіне, шешесіне Әбішті қолынан жөнелткен Мағаштың өзі жетіп, қастарына отырып, қайғысына ортақ болсын деген. М.Әуез. * Асқар оларға да ешбір ықлас көрсетпеді. Өйткені олардың қайғысына ортақ болып, көңіл білдіріп үйге келуі мен Назардың дүние мүлкін тартып алып, өзін айдатқалы отырғаны – бір–бірінен айырмашылығы жоқ, бірдей нәрсе секілді көрінді. Т.Әбд. * Жаңағы Дәулет сөзі кез- келген адамның қайғыңа ортақтасып, көңіліңді аулағанда айтары емес пе? Дәулет ағаның өзі де тұлдыр жетім… М.Сүн. * Немересінің атын Жалғас деп қойғызып, жаңа өмір есігін ашқан сәбидің құлағына аза үні сіңбесін, қайғыма ортақтаса келгендеріңе рахмет! Қ.Мүбарак.
