Ойланбай сөйледі, істеді. ~ Мына Қарғысты естіген соң қорқайын деді ме, аяды ма, болмас сүйіншіге қызықты ма – Қойшыбайдан бір тайынша жүрекжарды алып, жоқты шығарды. Ж.Айм. ~ Өзің комсомолсың. Қайдағы жоқты шығарасың, — деп, төсегінде теріс қарап жүгері нан жеп отырған Хасболат шот шүйделі мойнын әрең бұрып, алара бір қарап қойды. Ш.Мұр. ~ Бейбітке енді сәл кідірсе, ақ күрені әлдекім алып кететіндей боп көрінді. — Туһ, балам-ай, қайдағы жоқты шығарып… Күресі несі… Шай ішкелі отыр ем, самауыр қойып едім. С.Осп. ~ Өзің комсомолсың. Қайдағы жоқты шығарасың, — деп, төсегінде теріс қарап жүгері нан жеп отырған Хасболат шот шүйделі мойнын әрең бұрып, алара бір қарап қойды. Ш.Мұр. ~ Балта, сені тосам деп… қайдағы жоқты бастап көшеге шықпайын ба… — Иегі- иегіне тимей, тісі- тісіне сақылдады. — Келіп қа- а- лармен… жау- ра- ағанымды байқамаппын. Жүріңде- е- ер. С.Смат. ~ Бір емес, екі рет телефон әкеп беріпті әжесі. Біреуін де жаратпай, лақтырып жібереді де, қайдағыны шығарып өксіп-өксіп жылайтын көрінеді. Ж.Аяз. ~ Қойшы, Жише, қайдағыны бастамай! – деп ескермеген болғанмен, шешемнің мына сөзі жүрегіме ине болып қадалып жатты. З.Нұр.
