Posted in

ҚАЙДАҒЫ ЖОҚТЫ (ҚАЙДАҒЫНЫ) АЙТТЫ (МЫЛЖЫҢДАДЫ)

Беталды сөйледі. ~ Тағы бір самаурын шай тауысайық! — деп күлді Түнғатар. Қайдағы жоқты айтып, үшеуіңнің іштеріңді пыстырдым. Енді мен сендерге сайқымазақ ойын көрсетейін бе? Ә.Тар. ~ Жә, балам, болды. Қайдағы жоқты айтпа! – деп Нияз сұлтан Злиханың арқасынан қақты. Ә.Кек. ~ Қайдағы жоқты мылжыңдап, жолдарыңнан қалдырдым білем. — Жігіттерге кезек қарап, кідірістей берді. С.Ом. ~ Бұл сырды бәйбіше мен бай да білді, Екеуін жолықтырмас айла қылды. Владимир келгенде кекеп- мұқап, Мысқылдап айта берді қайдағыны. Шәк. ~ Өзгенің қызын ұзатарда «күйеуіне ырза емес» деп, қайдағыны айтушы еді. Айтқыш болса, Қарагөздің наразылығын айтсыншы, көрейік! М.Әу. ~ Кiшкентайды неге қорлайсың қай- қайдағыны айтып! — деп Кәмшат түсiнiксiз қарсылығын бiлдiрдi. Қ.Түм.