Posted in

ҚАЙМАҒЫ БҰЗЫЛМАҒАН

Сәні кетпеген, берекесі сақталған, саф таза. ~ Қайткенде, жергілікті, бірқауым жұрттың әкімшілік орталығы, өз дәрежесіндегі мәдени һәм рухани ұйытқы. Қарыздар, қимас мекен. Айтқанымыздай, ең үлкен бір артықшылық – қаймағы бұзылмаған, бірегей қазақ мекені. М.Мағ. ~ Екі жағы қаймағы бұзылмаған тату. С.Мұқ. ~ Бүгінде 300 үй тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан, қаймағы бұзылмаған ауыл. Халқы – еңбекқор, мал, егін шаруашылығымен айналысады. БАҚ.. ~ Көңқоқыр, күл-қоқысты, лас нәрселерді ғана сыпырып алып кететін құйын ба, әлде, осынау сүттей ұйып, талайдан бері қаймағы бұзылмай келе жатқан отбасын апат қылып, арты алапат қара дауылға айналып сау тамтығын қалдырмай быт-шытын шығарып қас қағымдай сәтте шашып кететін құйын ба?!.. Ш.Рах.

  1. Бұрынғы қалпында, еш өзгеріссіз. ~ Әке өлімін үйіне келгенде ғана естіген Мұқаметқали түнерген қабағын аша қоймады.
    Өйткені, ауыл өмірі қаймағы бұзылмаған, қара-түнек қалпында. С.Бег. ~ Қалың қазақ ортасы, қаймағы бұзылмаған сахара
    тұрмысы табиғатынан дарынды туған баланың сезім дүниесін, ой әлемін тербеп толқытады. Р.Нұрғ.