Posted in

ҚАЙНАҒАН ӨМІР (ТІРШІЛІК)

Қарақорым жұрт, ығы-жығы тіршілік хақында. ~ Дегенмен, бұрын Бетпақ даланы ернеулеп, құлазып жататын, қош сүрлеуінен басқа жолы жоқ, тұрақты мекен жасаған адамдары жоқ бұл жерде, кәзір қайнаған өмір! С.Мұқ. ~ Ел ішіне барып, қайнаған өмірге араласқан соң, ес жинаған екен десем… Әлі шалағай күйіңде қалыпсың!.. Б.Тоғ. ~ «Атрауға» балық батағасы салынумен бірге бұл аймақ қайнаған өмір орталығына айналыпты. Ә.Сәр. ~ … әлдеқандай шөптiң сынығын сүйреп бара жатқан құмырсқаны ап-анық көретiн. Көретiн де, осы бiр қайнаған тiршiлiктiң әсем жарасымдылығынан тоят тауып, әрi қарай сабырмен самғай берушi едi. М.Қан. ~ Бір кезде Қоянды, Атбасар жәрмеңкелеріндей қайнаған тіршілік мекені Қоскөл қазір базары тарқап, орны ғана қалған тақыр жұрттай. С.Жүн.