Posted in

ҚАЙРАН ҚАЛДЫ

Қатты таңданды. * Әміршінің кейде қарауындағылардың оп-оңай нәрсеге қайтіп ақылдары жетпейтініне қайран қалатыны бар. Ә.Кек. * Біреудің тұмсығын қанатсаң, бар пәлені басыңа үйіп-төгіп бағатын немелер кең әлемді белшеден қанға малып қойсаң: «Бұл не істегенің?» деп нәлет айтпайды. – «Апырай, қалай істедің?» деп қайран қалады. Ә.Кек. * Сенің қандай қақаған аязда жалаң киініп жүретініңе қайран қалатынмын. Т.Сәук. * … құр сүлдері жатқан денесінің мұнша мол су, мұншама сарқылып бермес көлдария көзжасы қай жерінен бастау алып, қайнап шығып жатқанын біле алмай қайран қалысты. Ғ.Біл.