Posted in

ҚАЙРАТ (ҚАЙРАТЫ) ҚАЙТТЫ

Бойынан әл кетті. ~ Дұрыс, бәрі дұрыс,— деді даусын әндете созып. Мұнысы оның тап әзірде бізге қойған сұрағына өзі мана дайындап қойған жауабын іштей құптағаны.— Қайтесіңдер, көртышқанша әрі қарай қаза түсесіңдер. Кезінде біз де қазғамыз. Қазір қайрат қайтты, күш кеміді. М.Қаб. ~ . Бірақ ол бұрын жойқын күштің иесі болатын, ал енді қазір қайраты қайтып, шөге бастаған, сол себепті де отын жарып жатқанда, көбіне сынаны шәркенің жарығына қағып қойып, мұз болып қатып қалған немесе шалқып жатқан Ангара айдынынан көз алмай, ұзақ қарап тұрып қалатын. В.Расп. ~ Атаңа нәлет Бекежан Етеді о да айланы. Жауын танып шошиды, Атынан қару кеткесін Қайраты қайтып жасиды. Тірелгендей өңменнен Су сепкендей басылды. “Қыз Жібек”.