Posted in

ҚАЙЫС АЯҚ

Жүйрік, жүргіш. ~ Біраз болжамнан кейін: «Бұлары ауылдың атқамінерлері шығар. Қаратаудың кәдуілгі қайысаяқ қулары ғой» деп қойды. Т.Әл. * Қыдыш (өтірік күліп). Жұлқынып жүрген кім десем, тағы сен бе едің, қайыс аяқ? М.Әу. ~ Мынау да бір қайыс аяқ, қадалған жерінен қан алған қайсар жігіт шығар. Көрдің бе түбін тесіп жібергендей қолмен нұқып, сөзбен шегелеуін. Х.Ес. * Ә, қайыс аяқ, келдің бе?! – деді Қожалақов тілін шайнап. – Келдім! – деді Тілеш. Қоңыр дауысында аздаған екілену бар. Т.Әл.