Мықтылық, төзімділік, қайтпас ер мінезділік хақында. ~ «Қайыспас қара нар керек» осынша зілмауыр қасіретті көтерткізген де әкесінен дарыған күш- қуаттың, қажыр- қайраттың молдығы болар, бәлкім. Ү.Жәл. ~ Қара қылды қақ жарған Алысқа кеткен атағы, Қайыспас қара нар еді, Қозғалмайтын қатебі. Әріден тартсақ Мөңке би Түп нағашы атаны. Н.Шырш. ~ Тәрік етіп бар күшін, бар амалын, Орындады ол елінің қалағанын. Қайта туған, өмірге қайта келген, Жер қайыспай қайыспас қара нарым… М.Мақ. ~ Мұның бәрін қайыспас қара нардай көтеру – міне, бұл біз айтқалы отырған Мұхтарлар рухының бастауы болатын. Ж.Шәк. ~ Қара нардай қайыспас қартыңның өзі солай деген соң, әлі әлжуаз, жап-жас үш балалы жесір Айшаның күні не болмақ? Ш.Мұр.
ҚАЙЫСПАС КӘРІ ЕМЕНДЕЙ
Қажырлы қайрат, қайтпас табандылық сипаты. ~ Мен қайғыда қайыспас кәрі емендей қайратты әкенің, аруақты атаның, ол аз десең қабырғалы елдің үміт еткен ұлымын. С.Дос.
