Дәл ортасына кесіп өтті. ~ Жер қайысқан қалың қол көлденең аққан Ақ Жайықты қақ тіліп әрі өтті. Ә.Кек. ~ Желке жағы іргеге тійіп тұрған қалың арша, әріректе құрған шымылдықтай тұтасқан қарағай, жүз қадамдай батыс жақ бетінде аршасы мен бұтасы тұтасқан көлбеу жартас, жартастың астындағы шұңғыл сайды қақ тіліп аққан жіңішке өзенше бар. Б.Нұрж.
- Екі айырды. ~ Кеудесін соңғы өкініш қақ тілгендей Қабағын болды дағы шарт түйгендей, Бар қаны ақырғы рет бетінде ойнап, Дүниеге ақтық сөзін айтты именбей… Ғ.Қай.
