Posted in

ҚАҚАС ЕСТІДІ

Шала-шарпы естіді, құлағына қағыс жетті, жаңылыс естіді. ~ Ақан: — Рақметті қайта машина иесі айтуы керек емес пе?— деді қақас естідім бе деген оймен.— Бізде, Алматыда сөйтеді. М.Қаб. ~ Сіз баяндамаңызда, қақас естімесем, бұрын қазақта мемлекеттік құрылым болған жоқ дедіңіз. …Сонда қалай, сіздіңше, Алтын Орда – мемлекет емес пе? М.Мағ.