Posted in

ҚАҚҚАН ҚАЗЫҚТАЙ (ҚАЗЫҚША)

Қозғалмай қатып қалу. * Ескерген Андрейді бір адам жоқ Не қылсын, ұлықтардың қалтасы тоқ. Сүйеніп қабырғаға тұрып қалды, Бейне бір, қағып қойған қазықтай боп. Шәк. * … басын кегжитіп алып, борс-борс желген ат үстінде қаққан қазықтай тіп-тік отыр. М.Қаб. * Суға түсіп шыққандай, денесін қара тер басып кетіпті. Өзіне – өзі келе алмай, қаққан қазықтай болып төсегінде ұзақ отырды. Е.Бақ. * Өзін айнала аялап отырған мейірімді дәрігер де, тіпті жан жолдасы Жаманбай да, қаққан қазықтай сіресіп тұрған бұйра шашты, ұзын бойлы ақ сары көшір жігіт те оған көрген түстей… С.Ом. * Сол себепті ме, Манабың мұндай сын сәтте қайту керектігін білмейді екен, құшағын жайып жіберіп, «Ой, бауырымдап!» ентелей жүгірудің орнына, қаққан қазықтай қыдиып тұра берді. М.Қаб. ~ Артыма мойнымды бұрып қарап келем. Апам жол үстінде қаққан қазықша қатып қалған. Н.Сер.