Бір орнынан қозғалмай, қатып қалды. ~ Бұл да қозғала алмай, сол тұрған жерінде қаққан қазықтай қатты да қалды. Не алға өтерлік, не кейін шегініп, шығып кетерлік дәрмені жоқ. Ш.Бей. ~ Әлгі бәле дір-дір етіп іске қосылды. Көршіміздің көзі бақырайып, екі қолын екі санына қойып, қаққан қазықтай қатып қалған. Қ.Тіл.
