Posted in

ҚАҚЫРЫҒЫ ТҮТЕДІ

Шөлден қиналды. ~ Сөйтіп, жолаушылар керуен басы айтқандай он бес күн сусыз шөлді басады. Арып-ашып, қақырығы түтеп, бастауы бар жерге зорға жетеді. БС. ҚЕ. ~ Олардың Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу, геологиялық барлау институты қызметкерлері екенін де, қақырығы түтеп, аңқасы кеуіп жатқан оның мынау туған өлкесінен мұнай мен газ деген байлықты іздеп жүргендерін де бара-бара бала жүрегі үстірттеу болса да пайымдаған. Г.Сейіт. ~ Шөлден әбден қақырығы түтеп, өлуге айналады. Осы сәтте көк аспаннан бір “құс” ұшып келіп, аузына су тамызып, оны өлімнен құтқарған. БАҚ.