Posted in

ҚАЛАМЫ ЖҮЙРІК (ЖҮРДЕК)

Жазушылық дарыны мол, жазуға төселген ~ «Қазақ» газетасы арқылы бір сомнан жинасақ, екі-үш жылдың ішінде бірнеше мың сом болмай ма, сонан кейін білім жарасына түсетін қаламы жүйріктер шықпай ма, сыншылар лайықтап қарап, бәйгені үлестіріп бермей ме?» – дейді. Әлмен мырзаның бұл ойы оқушыларға қанша ұнарын өздері біледі, біздің ойымыз айтылып еді. А.Байт. * Бір күні Қараш Елеусізді баспаға ертіп барды. Онда бөлім редакторы боп істейтін жерлесі Жаныбек Шақабаевпен таныстырды. Елеусіздің қаламы жүйріктігін айтып, аударма сұрап еді. Т.Әл. ~ Әскердегі ағасы… Оны да атап жазса… Әрине. Қаламы жүйрік хатшы – Мұхтардың соңына тіркей салады: Мағауин Мұхтар Мұқанұлы… Болды. Бәрі жөн. Тек тәтем ғана атаусыз қалыпты. М.Мағ. * Құрметті Дулат, сен сөз жоқ қазақтың ойы ұшқыр, қиялы сергек, қаламы жүрдек жазушыларының бірісің. Менің де қаражаяу көптің бірі емес екеніме күмәнің бола қоймас деп ойлаймын. С.Иман.