Жазушылық дарыны оянды, қаламы жүріп кетті. ~ Көбінесе газетке мақала беремін. Сөйтіп жүріп, тілші ке- ліншек атандым. Суреттеме, очеркті өндіре жаздым. Қаламы- ма қайта жел біткендей болды. Өзіме де желік пайда болғандай ма. Ө.Кәр.
ҚАЛАМЫНЫҢ ЖЕЛІ БАР
Жазушылық қабылеті жоғары, қаламы төселген. * Қаламының желі бар Сапекеңнің журналистік өмірі табиғатпен тығыз байланысты өріліп, аспан асты кеңістікпен астасып кеткені қашан. А.Аханб. * 20-30 жыл таптаурын отырып қалған жасы жеткендерді зейнеткерлікке жіберіп, олардың орнына жер-жерден ойы ұшқыр, қаламының желі бар, оннан астам талапты журналистерді шақырды. К.Бейсенб.
