Posted in

ҚАЛБАЛАҚ ҚАҚТЫ

Безектеді, абыр-сабыр болды. ~ Ақ жібек қолғап киіп, «бабочка» тағып сықиған егделеу еркек әрқайсымыздан не ішіп, не жейтінімізді сұрап, бабымызды қалай табам деп қалбалақ қағады. Т.Сәу. ~ — Жо- жоқ.. Өзіне қиын болмаса дегенім ғой… Ала кетейін, ата, ала кетейін, — деп бұл қалбалақ қаққан. Д.Әш. ~Ол маған «Алғалап!» Қағамын қалбалақ. Самғап бір ұшамын, Сосын жер құшамын. Тұрмайды мені аяп, Төнеді желаяқ. Қ.Мырз.