Posted in

ҚАЛТ-ҚҰЛТ ЕТТІ

Зорға қозғалып, аяғын әрең басып жүрді; күнін әзер көрді. ~ Адамзат өлшеусіз ұзақ заман көр азабын шегіп жатып, ахірет күні кебіндерін жамылып, көлеңкедей қалт-құлт етіп бой көрсетеді деуші еді ғой. Мына жылқы тегіс сондай екен. М.Әу. ~ “Біреудің қарабасы қазына боп, Халқына айтқан сөзін ем қылып жүр, Кейбіреу қалт-құлт етіп жанын бағып, Кейбіреу жан баға алмай мәңгіріп жүр”. С.Мұқ. ~ Ол ауруханада жатқанда, қатты сағынып кетем. Апам әзірлеген сорпаны алып жеткенше тағатым қалмайды. Бір жақсысы, қалт-құлт етіп, әзер қадам басып жүрсе де, Ырысбектің еңсесі еш түскен емес. Е.Жең.